Атырауда Көрісу күні кең көлемде аталып өтті

Атырауда Көрісу күні кең көлемде аталып өтті

Ұлттық дәстүр мен рухани құндылықтарды дәріптеген мерекелік шара әсерлі театрландырылған қойылыммен басталды. Сахнада қазақ даласының көктемі мен жаңаруын сипаттайтын хореографиялық композициялар ұсынылды. Шара барысында қазақтың ежелгі «Көрісу» дәстүрі сахналанды. Түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен «Достық» биі орындалып, Қазақстандағы татулық пен бірліктің айқын көрінісі ұсынылды. Мерекелік жиында Атырау қаласының әкімі Ш.Кейкин тұрғындарды мерекемен құттықтады. Көрісу тойы концерттік бағдарламамен жалғасып, сахнада жергілікті өнерпаздар, әжелер хоры және “Музарт” тобы өнер көрсетті.