БАБАДАН АМАНАТ

БАБАДАН АМАНАТ

Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің ұйымдастыруымен Атырау төрінде “Бабадан аманат” атты дәстүрлі ән-күй кеші өтті. ​ Кешті оркестрдің жеке орындаушылары мен арнайы келген қонақтар ашты. Атап айтсақ, Мәдениет қайраткері Құттыкерей Дүйсеев, Темірбек Хайдаров, Айгүл Батырхайырова, “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісінің иегері Серікқали Тәжіғалиев, Ақнар Тәттібайқызы, Эльза Қарабалина, «Құрмет» орденінің кавалері, Президент оркестрінің солисі Олжас Сүлейменов, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық халық аспаптар оркестрінің бас дирижері, «Құрмет» орденінің кавалері Абылай Тілепберген, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары, Болат Долдашов, Танат Саденов, Атыраудан шыққан ару қыз, халықаралық, республикалық конкурстардың бірнеше дүркін бас жүлде иегері Сабира Бибатыр және Санжар Қатапов, Ақбөкен Темір, Нұрлыбек Нәжікенов, Ерболат Хайроллаев, Артур Қазиев, Бейімбет Каримовтер қыздырды. Ал, дәстүрлі әндерді Эльза Қарабалина, Бақытбек Сарсенов, Аружан Ерімова, Берік Амантаев, Жанар Қорғанова нақышына келтіре шырқады. Домбырашы қыздар ансамблі де көпшіліктің көңілінен шықты . Кешке келген қалың тыңдарманның өнерпаздарға ықыласы ерекше болды.