Алғыс айту күні – ізгілік пен бірліктің мерекесі

Алғыс айту күні – ізгілік пен бірліктің мерекесі

Биыл елімізде Алғыс айту күніне 10 жыл толып отыр. Заман алмағайып кезеңде қоғамға ең керегі – ізгілік, мейірім және өзара құрмет, ел бірлігі. Алғыс айту күні – көп этносты Қазақстан халқының бір-біріне деген ризашылығы мен бауырмалдығын білдіретін ерекше күн. Көгілдір көктемнің алғашқы күнімен бірге келген Алғыс айту күніне орай Атырауда салтанатты шара өтті. Мерекелік шара барысында Атырау облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Әбіл Жоламанов сөз сөйлеп, жиналғандарды Алғыс айту күнімен құттықтады. Ол өз сөзінде Атырау облысы әкімінің алғысын ел-жұртқа жеткізді. Сондай-ақ мерекенің мән-маңызына тоқталып: «Қандай қиын кезеңде де халқымыз үшін ынтымақ пен бірлік – баға жетпес құндылық болып қала береді. Елде әрдайым тыныштық пен үндестік орнасын», – деп тілегін білдірді. Мерекелік шарада өнерпаздар қазақ халқының және түрлі ұлттың мәдениетін дәріптеген ән мен биден шашу шашып, күй тартысты тарту етіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.