Өнер fest

Өнер fest

Халықаралық ана тілі күніне орай, Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы курс тыңдаушылары арасында «Өнер Fest»  ұлт өкілдерінің қатысуымен өнер фестивалін өткізді.

Мақсаты – тыңдаушылар арасында тіл саясатын дамытып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту.

Фестиваль барысында «DARMARKA» ұйымдастырылып, іс-шараға қатысушылар бір-біріне тарту жасап, сыйлықтармен алмасты. Әлемдегі тілдер туралы қызықты ақпараттар беріліп, ұлт өкілдері жаңылтпаш, мақал-мәтелдер айтып, түрлі байқауларға қатысты.

Белсенді тыңдаушылар алғыс хатпен марапатталды.