Тіл саясатына қатысты қорытынды отырыс өтті

Тіл саясатына қатысты қорытынды отырыс өтті

Бүгін Атырауда 2025 жыл бойынша тіл саясатын іске асыру мәселелері мен 2026 жылы атқаратын міндеттер бағытында қорытынды жиын өтті.

⚜️Жиын барысында өңірде тілдік ахуал, тілдерге оқыту, әлеуметтік зерттеулер, көрнекіліктер, тексерулер, білім беру және басқа да салалардағы тіл саясатының іске асуы талқыланды. Сонымен қатар 2026 жылға алға қойған міндеттер пысықталды.

⚜️Қорытындысында, тіл саясатына 20-30 жылдан астам уақыт Құрманғазы, Жылыой, Индер ауданында аянбай еңбек еткен әріптестер ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің “Ана тіліне сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісімен марапатталды.
Құттықтаймыз!

⚜️Ел мерейі тасып, тіліміз тұғырлы болғай!