ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КҮЙ ДОДАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КҮЙ ДОДАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Атырау қаласында үш күнге созылған күй мерекесі – Қаршыға Ахмедияров атындағы «Күй – Ұран» II – Халықаралық жеке домбырашылар мен шертіп орындалатын ұлттық және түркітектес халықтардың екі-үш ішекті аспаптарында орындаушылар байқауы қорытындыланды.

Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында аталмыш байқаудың жабылу салтанаты мен гала-концерті өтті.

Шараның ресми бөлігі марапаттау салтанатымен басталды. Сөз алған Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Арман Әділғалиев және қазылар алқасының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Карима Сахарбаева күй бәйгесінің Қаршыға Ахмедияровтың рухани мұрасын келешекке жеткізудегі айрықша маңызына тоқталды.

Қазылар құрамындағы қазақстандық мәдениет майталмандары Карима Сахарбаева, Ерболат Ахмедияров, Ерсайын Басыағара, Абылай Тілепберген, Сәлімгерей Садықов және шетелден арнайы шақырылған өнер шеберлері – Фарук Садыков (Өзбекстан), Ирина Суеркулова(Қырғызстан) қатысушыларға марапаттарды табыс етті.

Байқау қорытындысымен келесілер Дипломант атанды:
- Сырым Шонбаев (Алматы)
- Нұрдәулет Мұхамеджанов (Алматы)
- Арон Жұбанғалиев (Алматы)
- Жәнібек Жұмабаев (Ақтау);

Арнайы жүлдемен:
- Әлихан Есентай (Қ.Ахмедияровтың репертуарынан «Қайран, әке» күйін үздік орындағаны үшін, БҚО)
- Арон Жұбанғалиев (Қ.Ахмедияровтың репертуарынан
- Н.Тілендиевтің «Аққу» күйін үздік орындағаны үшін)
- Нұрдәулет Мұхамеджанов (Қ.Ахмедияровтың репертуарынан Махамбеттің «Қайран, Нарын» күйін үздік орындағаны үшін)
- Анварджон Норматов "Достық" арнайы сыйлығымен (Тәжікстан Республикасы);

Жүлделі 3-орынмен:
- Нурдан Муратбекулы (Қырғызстан Республикасы)
- Әнуар Зинеденов (Атырау)
- Нұрай Зинор (Атырау)
- Асылбек Джорабеков (Алматы);

Жүлделі 2-орынмен:
- Жантілек Жұмагелдиев (Алматы)
- Әлихан Есентай (БҚО);

Жүлделі 1-орынмен:
- Айымгүл Саматова (Атырау)
- Нұрлыбек Нажекенов (Атырау)
- Хушбек Азиз (Өзбекстан)
- Уәли Мұратқазин (Алматы) марапатталды. Ал қалған қатысушылар Алғыс хаттарға ие болды.

Айта кетейік, халықаралық сайыста еліміздің түкпір-түкпірінен және Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттерінен барлығы 43 қатысушы «Домбыра-тенор» және «Түркітектес халықтардың екі-үш ішекті аспаптары» номинациялары бойынша бақ сынады.