ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ АЛМА ӘЗИДОЛЛАҚЫЗЫ АНДАРБАЕВАНЫҢ 70 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ АЛМА ӘЗИДОЛЛАҚЫЗЫ АНДАРБАЕВАНЫҢ 70 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТТІ

Бүгін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мәдениет саласының майталманы Алма Әзидоллақызы Андарбаеваның 70 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеш өтті.
Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Сәрсенұлы Ерубаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Сақтайұлы Өтешов, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әбіл Тауфиқұлы Жоламанов қатысып, мерейтой иесіне жылы лебіздерін білдірді.
Өңірдің мәдениет саласын дамытуға қосқан зор үлесі мен ұзақ жылғы еңбегі үшін Алма Әзидоллақызы "Атырау облысына сіңірген еңбегі үшін" медалімен марапатталды. Сондай-ақ, қала әкімі және Исатай,Қызылқоға,Құрманғазы аудан әкімдерінің атынан арнайы құттықтау хаттары табысталды.
Кеш барысында Алма Әзидоллақызының өмірі мен шығармашылығына арналған бейнефильм көрсетіліп, облыстың мәдениет майталмандары концерттік бағдарлама ұсынды.