
Атырау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер мен мәдениет саласының өкілдері арасында Ұлттық диктант өткізіліп, оған 150-ге жуық адам қатысты.
Аталған іс-шараның мақсаты — мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, азаматтардың сауаттылық деңгейін арттыру және қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Диктант жазуға облыстық басқармалар мен кітапхана, музей, мәдениет үйі, халық шығармашылық орталығы, театр секілді мекемелердің мамандары белсене атсалысты.
Диктант арнайы бекітілген мәтін негізінде бір мезетте барлық қатысушыларға бірдей жағдайда жаздырылды.
Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге бағытталған мұндай жобалар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.