Атырау қаласының ауылдық округтері мамандарына арналған шеберлік сағаты өтті

Атырау қаласының ауылдық округтері мамандарына арналған шеберлік сағаты өтті

Бүгін Атырау қаласында ауылдық округтердің мамандарына арналған ономастикалық саясат бағыты бойынша шеберлік сағаты ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Қазақстандағы ономастика саласын жетілдіру, елді мекендер мен көшелерге атау беру тәртібі, тарихи-мәдени ерекшеліктерді ескеру мәселелері талқыланды.
Қатысушыларға құжаттарды рәсімдеу талаптары, нормативтік-құқықтық база және ономастикалық ұсыныстарды сапалы әзірлеу тәжірибелері түсіндірілді.

 Сонымен қатар, практикалық кейстер арқылы ауылдық округтерде жиі кездесетін жағдайлар қарастырылып, нақты мысалдар ұсынылды.

✅ Шеберлік сағаты ауылдық округтердің мамандарына тәжірибе алмасуға, жаңа білім мен дағдыларды меңгеруге мүмкіндік берді.