Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

2025 жылғы 19 қыркүйекте Қарағанды қаласында тіл оқыту орталықтары оқытушыларының арасында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқау өтті.
Байқаудың мақсаты – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік мұрасын терең меңгеріп, оны қазіргі заман талаптарына бейімдей отырып қолдану және қазақ тілін оқытудағы озық тәжірибелерді кеңінен насихаттау.
Ашылу салтанатында Тіл саясаты комитетінің басқарма басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Айнагүл Қожаназарқызы Көкен сөз сөйлеп, мемлекеттік тілді оқытудың маңыздылығына тоқталды. Байқау биыл үш кезең бойынша өткізіліп, еліміздің барлық өңірінен келген оқытушылар өзара бақ сынасты.
Қазылар алқасына ф.ғ.к. Ермек Адаева төрағалық етті. Алқаның құрамына қауымдастырылған профессор, ф.ғ.к Бектұрсын Қалиев, PhD Хасен Болат, ф ғ.к. Айнагүл Көкен және «ӘдістемеLab» жетекшісі, ф.ғ.к. Жазира Ысқақова енді.
Марапаттау рәсімі салтанатты түрде өтіп, Атырау облысынан қатысқан Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы Жұмағалиева Айгүл Сәрсенбайқызы ІІ орынды иеленді.