“Шебер – FEST 2025” фестивалі

“Шебер – FEST 2025” фестивалі

Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің ұйымдастыруымен республикалық
 «Шебер – FEST 2025» атты шеберлер мен қолөнершілер фестивалі өтті.

Фестивальдің басты мақсаты – халқымыздың ғасырлар қойнауынан жеткен киелі қолөнерін, салт-дәстүрін, мәдениеті мен рухани құндылықтарын кеңінен насихаттау, сондай-ақ бұл асыл мұраны жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып, оларды ұлттық өнерге баулу.

Республиканың түкпір-түкпірінен, жиналған 50-ден астам қолөнер шебері өз туындыларын көпшілік назарына ұсынып, ұлттық өнердің сан қырын танытты.

Фестивальдің салтанатты ашылу рәсімінде Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Арман Әділғалиев құттықтау сөз сөйлеп, «Шебер – FEST 2025» фестиваліне сәттілік пен табыс тіледі.

Қолөнер – ұлттың рухани шежіресі.
Халқымыздың «Өнерлінің қолы алтын» деген нақылына сай, қолөнер – ұлт болмысын, ұлттық нақышты айшықтайтын асыл мұра. Әрбір шебердің қолынан шыққан бұйым – тек тұрмыстық зат қана емес, терең мағыналы, символдық мәні бар рухани дүние.
Шара аясында шеберлік сағаттары, ұлттық ойындар және концерттік бағдарлама да ұйымдастырылды.

«Шебер – FEST 2025» фестивалі – қолөнер шеберлерінің бір-бірімен тәжірибе алмасып, шығармашылығын , ұлттық өнерді дамытуға мүмкіндік берген маңызды мәдени алаңға айналды.