ҰЛТТЫҚ ТЕАТР АТЫРАУДА

ҰЛТТЫҚ ТЕАТР АТЫРАУДА

100-маусымға аяқ басқан театр ұжымының бүгінде гастрольдік сапарының Атырау өңіріндегі үшінші күні.

Ұлт театрының абызы, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовті атыраулық көрермен ыстық ықыласпен қарсы алды.

Театр ұжымы үшін бұл тарихи кездесудің орны бөлек.

Бұл күні Рахымжан Отарбаевтың«Қытайдан жеткен сәлемдеме» атты қойылымы ұсынылды.

Атыраулық көрермен автордың жүрекпен жазған туындысын ыстық ықыласпен қабылдап, сахнадағы әр сәттен ерекше әсер алды.

Қойылым барысында актерлердің шебер ойынына көрермен зор қошемет білдірді.