Қазақ өнері – Жапонияда

Қазақ өнері – Жапонияда

Күншығыс елінің жүрегінде – Осака қаласында, EXPO 2025 аясында Қазақстан күні дүркіреп өтті.

Салтанатты шеру – 100-ге жуық отандық өнерпаздың керуенімен басталып, әлем сахнасында ұлттық өнеріміздің шоқтығын асырды.

Басты мақтанышымыз – Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі мен «Sarmad» этно-фольклорлық ансамблі сахнаға шығып, қазақтың сырлы сазын әуелетті, абыройын аспандатты.