МАҚАТ АУДАНЫНДА КӨШПЕЛІ СЕМИНАР ӨТТІ

МАҚАТ АУДАНЫНДА КӨШПЕЛІ СЕМИНАР ӨТТІ

Мақат ауданы әкімдігінде мемлекеттік тіл саясаты және ономастика саласы бойынша нормативтік құқықтық актілердегі өзгерістер мен толықтыруға қатысты түсінік жұмыстарын өткізу жөніндегі көшпелі семинар өтті.

Көшпелі семинарға кент, округ әкімдері мен мамандары, салаға қатысты дербес бөлім басшылары, аудан кәсіпкерлері мен ардагерлер қатысты.

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Әсел Қаржауова төрағалық еткен жиында Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы ономастика және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айгүл Қуаныш және бөлімнің бас маманы Заманбек Шакиров пен ономастика саласының ардагері Жеміс Дияшева аталған тақырып бойынша түсінік жұмыстарын жүргізді.

Жиында аудан аймағында мемлекеттік тілді құрмет тұтып, жалпы қоғам азаматтарына тілді сыйлау, дамыту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар өз жалғасын табатындығы айтылды.

Сондай-ақ, қатысушылар тарапынан аудандық ономастика комиссиясын құру, көрші елді мекендерді ауданға қосу, Байшонастағы бұрынғы мектептің атауын жаңа салынатын мектептерге беру, көше тәртібін реттеу, көше атауларының жазуын мемлекеттік тілде болуын қадағалау тілінде туралы ұсыныстар айтылып, заңға сәйкес тиісті жұмыстар жасауға шешімдер қабылданды.