Тіл саясатына қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Тіл саясатына қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы "Тіл" оқу-әдістемелік орталығының әдіскер маманы - Иманғазиева Алтынай Айсақызы Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңының талаптары негізінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік тіл саясатын ілгерілету, ресми іс жүргізуде мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, сондай-ақ қызметкерлердің Қазақстан Республикасының "Тіл туралы" Заңының мазмұны мен негізгі талаптарын терең түсінуіне ықпал ету.

Түсіндірме барысында заңда белгіленген мемлекеттік тілдің мәртебесі, құжат айналымында қолданылуы, тіл мәдениеті, сонымен қатар мемлекеттік органдардың тілді дамыту жөніндегі міндеттері туралы мәселелер қамтылды.