Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік кеш – мыңдаған көрерменге рухани қуат сыйлаған ерекше шара болды.
Сұлтан Бейбарыс алаңында екі бірдей өнер ұжымы — Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі мен Нұрмұхан Жантөрин атындағы филармония жанындағы Қаршыға Ахмедияров атындағы «Нарын» оркестрі өнер көрсетті.
Биылғы мерекенің ерекшелігі — мемлекеттік шығармашылық тапсырыс аясында домбыра үйірмесіне қатысатын 5000-нан астам бала бір мезетте күй орындады.
Олар алғаш болып “Нәр ағашы” күйін тартты. Артынша қос оркестрдің сүйемелдеуімен, бас дирижер Болат Долдашовтың жетекшілігімен елге әйгілі “Балбырауын” күйі шырқалды. Бұл – рух пен үндестіктің ғажайып көрінісі болды.