Қызылқоға ауданында шаруа қожалықтарының саны артты

Қызылқоға ауданында шаруа қожалықтарының саны артты

Қызылқоға ауданында шаруа қожалықтарының саны артты

 «Биыл Қызылқоға ауданындағы шаруа қожалықтары 36,6 пайызға өсті», - деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы облыстық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиев мәлімдеді.

-         Аудандағы шаруа қожалықтарының саны өткен жылмен салыстырғанда 36,6 пайызға артты. Яғни, 2019 жылы 311 шаруа қожалығы тіркелген болса, биыл олардың саны 425-ке жетті, - деді аудан әкімі.

Айта кетейік, осы жылы Қызылқоға ауданында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 12 624,9 млн. теңгені құрады.