Аудандық ішкі саясат бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Аудандық ішкі саясат бөліміне жаңа басшы тағайындалды

ТАҒАЙЫНДАУ!

Қызылқоға ауданы әкімі Қанат Әзмұхановтың 2026 жылғы 10 шілдедегі №199 өкімімен Ардақ Айсәуле Ардаққызы Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды. Ардақ Айсәуле Ардаққызы 1999 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданының Миялы ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша және Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2019 жылы «4власть» Атырау журналистер одағы» қоғамдық бірлестігінде менеджер қызметінен бастаған. Кейін 2021–2024 жылдары Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталығы» КММ-де Қызылқоға ауданы бойынша маман, 2023–2024 жылдары Қызылқоға аудандық мәслихаты жанындағы Қоғамдық кеңестің хатшысы, 2025–2026 жылдары Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасында бас маман, 2026 жылдың сәуір айынан бастап осы уақытқа дейін Мақат аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы болып еңбек етті. Жаңа бөлім басшысын аудан әкімі Қанат Әзмұханов құттықтап, жауапты қызметіне табыс пен сәттілік тіледі. 🖋ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.