
Құрметті сайлаушылар, қадірменді әріптестер!
Сіздерді кәсіби мерекеміз-Дүниежүзілік сайлау күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн - демократиялық басты қағидаттарын нығайтуға, сайлау жүйесінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге атсалысатын барлық мамандар үшін маңызды мереке.
Сайлау - халық еркін білдірудің және ел болашағын айқындаудың негізгі тетігі. Сондықтан біздің ортақ мақсатымыз - азаматтардың сайлауға деген сенімін арттырып, олардың саяси белсенділігін күшейту.
Күнделікті еңбектеріңіз адалдықпен пен әділеттілікке негізделіп, еліміздің демократиялық дамуына үлес қосатыны сөзсіз.
Осы жауапты да абыройлы қызметте Сіздерге қажымас қайрат, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс пен сәттілік тілеймін!
Әрбір бастамамыз оң нәтижесін беріп, кәсіби жетістіктеріміз арта берсін!
Мерекеміз құтты болсын!
Құрметпен: Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мақсот Сайполұлы