
Қызылқоға ауданы Көздіғара ауылдық округінің сайланған әкіміне куәлік табысталды.
2025 жылғы 5 қарашада «Қызылқоға ауданы Көздіғара ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимаратында аудан активінің жиналысы өтті.
Жиналыста Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төраға орынбасары А.Ж.Имашев сайланған ауылдық округ әкіміне тиісті қызметтік куәлігін табыстады.
Тікелей сайлау нәтижесінде Көздіғара ауылдық округінің әкімі болып сайланған Карин Умирзак Кубенович 2025 жылдың 5 қарашасынан бастап өз міндетін ресми түрде атқаруға кірісті.
Карин Умирзак Кубенович 1970 жылы 25 маусымда Миялы ауылында дүниеге келген.
Қызылқоға ауданы Миялы ауылдық округі әкімінің орынбасары, Жангелдин ауылдық округі аппаратында, Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінде, Көздіғара ауылдық округі аппаратында, Миялы ауылдық округі аппаратында қызмет атқарды. Жалпы мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 6 жыл.
Сайлауға дейін «Қызылқоға ауданы Миялы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде бас маман қызметін атқарды. «AMANAT» партиясы Қызылқоға аудандық филиалынан ұсынылды.