2025 жылғы 15 шілдеде Қызылқоға ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында ауыл тұрғындарының жиналысы өтті. Жиналыста Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы М.Мұқанов Қызылқоға ауылдық округінің әкімі болып сайланған Шаликов Зейнолла Ғалымжанұлына әкім куәлігін тапсырды.
Тікелей сайлау нәтижесінде Қызылқоға ауылдық округінің әкімі болып сайланған Зейнолла Ғалымжанұлы Шаликов 2025 жылдың 15 шілдесінен бастап өз міндетін ресми түрде атқаруға кірісті.
Шаликов Зейнолла Ғалымжанұлы 1990 жылы 31 қазанда Қарабау ауылында дүниеге келген. Қызылқоға ауданының Қызылқоға ауылдық округі әкімінің аппаратында әртүрлі лауазымда 8 жылдан астам қызмет етті.
Сайлауға дейін 2021 жылы жергілікті халықпен тікелей сайлауында жеңіске жетіп ауылдық округ әкімінің төрт жылдық өкілеттік мерзімін толық атқарып, Қызылқоға ауылдық округінің әкімі болды. Әкім сайлауына «AMANAT» партиясының Қызылқоға аудандық филиалымен ұсынылды.