2025 жылғы 30 наурызда өткен Қызылқоға аудандық
мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама
2025 жылғы 30 наурызда №4 және №9 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша шығып қалған Қызылқоға аудандық мәслихаты депутаттарының орнына сайлау өтті.
№4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1336 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 693 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс қатысқаны – 20.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
№4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қызылқоға аудандық мәслихаты депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
О.Ж.Ажгалиева үшін сайлаушылардың 401 дауысы берілді;
Б.К.Жангувтов үшін сайлаушылардың 196 дауысы берілді;
А.М.Урдеков үшін сайлаушылардың 89 дауысы берілді;
«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны – 6.
Сайлау қорытындысымен №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қызылқоға аудандық мәслихатының депутаты болып:
Ажгалиева Орынша Жалгасовна 1972 жылы туған, «ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Атырау облыстық филиалы Қызылқоға аудандық ветеринариялық зертханасының меңгерушісі, Қызылқоға ауданы Жасқайрат ауылының тұрғыны сайланды.
№9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 476 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 248 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс қатысқаны – 10.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
№9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қызылқоға аудандық мәслихаты депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Г.К.Канашева үшін сайлаушылардың 41 дауысы берілді;
Д.Ш.Маделбекова үшін сайлаушылардың 65 дауысы берілді;
Б.А.Мендигалиев үшін сайлаушылардың 139 дауысы берілді;
«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны –3.
Сайлау қорытындысымен №9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Қызылқоға аудандық мәслихатының депутаты болып:
Мендигалиев Болатбек Абдиевич 1977 жылы туған, «Атырау облысы дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы мемлекеттік мекемесінің «Қызылқоға аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің директоры, Қызылқоға ауданы Миялы ауылының тұрғыны сайланды.
Қызылқоға аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы