Қызылқоға ауданы ауылдық округі әкімі сайлауының қорытынды хабары
2021 жылғы 25 шілдеде Қызылқоға ауданының бір сайлау округі бойынша округ әкімінің сайлауы өтті.
Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14 бабы 9 тармақшасы, 44 бабының 2 тармағы, 45 бабы, 113-10 баптарына сәйкес, Қызылқоға ауданы ауылдық округі әкімі сайлауының қорытындылары туралы №153 учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау нәтижелерін белгіледі:
Қызылқоға ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі
Қызылқоға сайлау округі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 853 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны 732. Жарамсыз бюллетеньдер саны 8, «Бәріне қарсымын» белгісіне белгілгендерсаны - 8.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
О.Г.Ароновқа - 74;
Ж.А.Кенжинге - 53;
З.Ғ.Шаликовқа -589.
Қызылқоға ауылдық округінің әкімі болып Шаликов Зейнолла Ғалымжанұлы, 1990 жылы туған, Қызылқоға ауылдық округі әкімінің бас маманы, Қызылқоға ауылдық округі, Қарабау ауылының тұрғыны, «Nur Otan» партиясынан ұсынылған сайланды.
Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы