Құқық бұзушылықтың алдын алу – басты міндет
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. «Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы.
Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімінің 30 бабы құқыққа арналған.
Алайда қазіргі таңның өзекті мәселесі жастар арасындағы құқықбұзушылық фактілерінің тиылмай тұруына заң жайынан ақпарат білмеу болып отыр.
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» – деп Әбу насыр Әл-Фараби бабамыз айтқандай, қазіргі таңда білім беру саласында бала тәрбиесіне қоғам болып көңіл аудару қажет. Жасөспірімдерге заң туралы ұғындыру да міндет. Сол себепті Ата Заңның құқық туралы баптарына тоқтала кетейік.
15-бап
16-бап
17-бап
19-бап
22-бап
Дегенмен тәрбиесі мол «Тәртіпке бас иген адам құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деп Б.Момышұлы айтқандай, еңбек тәртібін сақтап, заңды құрметтеп, тыныш жүрсе, одан ешкім де ұтылмайды.
Ойыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Г.Саламатова