
Губайдуллин Тілекқабыл Берікұлы 1978 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданының Миялы ауылында дүниеге келген.
Білімі – жоғары.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін экономика және менеджмент мамандығы бойынша, сондай-ақ Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін экология мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1999 жылы Қызылқоға аудандық экономика, инвестиция және кәсіпкерлікті қолдау бөлімінде бас маман қызметінен бастаған.
2000–2002 жылдары Қызылқоға ауданы әкімінің көмекшісі,
2002–2018 жылдары «Қазпошта» АҚ Атырау облыстық филиалының Қызылқоға аудандық пошта торабының бастығы,
2018–2019 жылдары «Қазпошта» АҚ Атырау филиалының қаржы-экономикалық секторының бастығы,
2019–2020 жылдары «Қазпочта» АҚ Атырау филиалының қаржы-экономикалық сектордың бас маманы,
2020–2021 жылдары Атырау облысы Құрылыс басқармасында бас маман,
2021 жылы Атырау облысы Білім беру басқармасының бюджеттік жоспарлау бөлімінде бас маман,
2021–2022 жылдары Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының инвестиция және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бөлімінің басшысы,
2022–2023 жылдары Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының агроөнеркәсіп кешеніндегі стратегия және инвестиция тарту бөлімінің басшысы,
2023–2025 жылдары Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының агроөнеркәсіп кешенін стратегиялау және несиелендіру бөлімін басшысы,
2025 жылдан бастап 2026 жылдың 10 шілдесіне дейін Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының инвестициялық талдау, экономика және несиелеу бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
2026 жылдың 13 шілдесінен бастап Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары