Құрманғазы ауданында ағаш отырғызу акциясы өтті.

Құрманғазы ауданында ағаш отырғызу акциясы өтті.

Құрманғазы ауданында ағаш отырғызу акциясы өтті.

Бүгін ауданда бүкіл қазақстандық ағаш отырғызу акциясы өткізілді.

Игі шараның мақсаты — ауылды көркейту, көгалдандыру жұмыстарын жандандыру арқылы табиғатты сақтау.

Аталмыш ағаш отырғызу акциясына мемлекеттік қызметкерлерден бастап орман шаруашылық саласы, білім беру саласы, денсаулық сақтау саласы қызметкерлері, кәсіпкерлер, жастар мен ауыл тұрғындары белсенді қатысып, әр ауылдық округтерде көшеттер отырғызды.

Жалпы аудан бойынша 600 тал егіліп, 3000-ға жуық тұрғындар қатысты.

Халықтың денсаулығы мен ұрпақ болашағына оң әсерін тигізіп, туған ауылының көркеюіне үлес қосып, қалыс қалмау- әрбір азаматтың борышы.

#ТазаҚазақстан #ағашотырғызу #Құрманғазы