Құрманғазы аудандық Қоғамдық Кеңесінің кезекті отырысы өтті

Құрманғазы аудандық Қоғамдық Кеңесінің кезекті отырысы өтті

Құрманғазы аудандық Қоғамдық Кеңесінің кезекті отырысы өтті

 Аудандық Қоғамдық Кеңестің отырысын Кеңес төрағасы Жұмақай Ғұмаров ашып жүргізіп, күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталды.

Күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес, аудан әкімі Қайрат Нұртаев 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2021 жылғы жоспары туралы есеп берді.

Өз кезегінде аудандық мәслихат хатшысы Болат Жүгінісов VI сайланған мәслихат депутаттарының жыл ішінде атқарған жұмыстары туралы баяндады. Маслихат хатшысысының мәліметінше, өткен жылы 9 депутаттық сауал тіркелген. Оның ішінде №1 Мақаш сайлау округінің депутаты Ө.Есенғазиев «Атырау-Жарық» АҚ-ның төрағасы О.Қаршегеновтың атына жолдаған «Мақаш ауылдық округіне қарасты елді мекеніне электр кабелін тарту» және №8 Ақкөл сайлау округінің депутаты Т.Исмагуловтың аудан әкімінің орынбасары Ж.Хасановтың атына жолдаған «Жасталап ауылы мен Көптоғай ауылы арасына қатынайтын паромның ескіруіне байланысты жаңа паром алу»  мәселелері оң шешімін тапқан.

Аудандық полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің 2020 жылы атқарған жедел-қызметтік жұмысының қорытындысы туралы бөлімше басшысы Талғат Исаев таныстырды. Есепті мерзімде жедел жағдайды тұрақтандыру бойынша жүргізілген бірқатар іс-шараларға қарамастан жалпы тіркелген қылмыстар 16,4%-ға өскен.

Аудандық Қоғамдық Кеңестің төрағасы Жұмақай Ғұмаров: Кеңестің жыл ішінде атқарған жұмыстары туралы баяндады.

Жиын барысында Кеңес мүшелері тыңдалған хабарламалар негізінде талқылау өткізіп, әртүрлі сала бойынша көтерген маңызды мәселелерге сәйкес тиісті жауаптар алды.