
2026 жылғы 10 маусымда Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы орналасқан ғимаратта Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Габдулов Еңбекші ауылдық округінің әкімі болып сайланған Каримов Нурболат Нурлановичке, Жаңаталап ауылдық округінің әкімі болып сайланған Калиев Сарсембай Бердихановичке және Көптоғай ауылдық округінің әкімі болып сайланған Кумарова Гульнара Орынбаевнаға әкімнің қызметтік куәліктерін табыстады.
Тікелей сайлау нәтижесінде Еңбекші ауылдық округінің әкім болып сайланған Каримов Нурболат Нурланович, Жаңаталап ауылдық округінің әкімі болып сайланған Калиев Сарсембай Бердиханович және Көптоғай ауылдық округінің әкімі болып сайланған Кумарова Гульнара Орынбаевна 2026 жылдың 10 маусымынан бастап өз міндеттерін ресми түрде атқаруға кірісті.
Каримов Нурболат Нурланович 1977 жылы 8 желтоқсанда Жұмекен ауылында дүниеге келген. Жергілікті атқарушы органдардағы еңбек өтілі 24 жылдан астам. Ішкі істер органының зейнеткері, қазіргі таңда жұмыссыз.
Калиев Сарсембай Бердиханович 1965 жылы 29 сәуірде Хиуаз ауылында дүниеге келген. Сайлауға дейін 2023 жылдан бастап "Құрманғазы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директор қызметін атқарған.
Кумарова Гульнара Орынбаевна 1988 жылы 16 қазанда Балықшы ауылында дүниеге келген. Жергілікті атқарушы органдардағы еңбек өтілі 14 жылдан астам. Сайлауға дейін 2018 жылдан бастап «Атырау облысы Құрманғазы ауданы Шортанбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы қызметін атқарған.