
«Парыз» конкурсына қатысайық!
Жылма-жыл өткізілуі белгіленген Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №523 Жарлығымен Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы биыл да өткізілмек.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қоғам алдындағы өзінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.
Конкурсты өткізудің мақсаттары:
Жеке кәсіпкерлік субъектілері (бұдан әрі – үміткерлер) қатыса алатын конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өткізіледі.
Мемлекеттің акциялары, жарғылық капиталдарындағы қатысу үлесі 50 проценттен асатын ұйымдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Конкурстың жеңімпаздарын айқындау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі- Комиссия) шешімі негізінде лауреаттар атақтары жыл сайын мынадай:
Үміткерлер тұтас алғанда қоғамның және соның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектісі қызметкерлерінің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған, өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін растайтын әлеуметтік бағдарламаларын ұсынуға тиіс.
Конкурс жыл сайын номинациялар бойынша өңірлік және республикалық деңгейлерде өткізіледі:
Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы қоғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтiк бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтiк төлемдердi төлеудi, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесiн ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) iске асыратын үмiткерлердiң қызметi қаралады.
Бұл номинацияда еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады.
Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердiң еңбек және әлеуметтiк құқықтарын едәуiр жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.
Бұл номинацияда қоршаған ортаның, қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеудің жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын, іс-шараларын және жобаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.
Бұл арнайы сыйлықта бизнес іске асыратын, халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының жұмыспен қамтылуына және (немесе) тұрмыс жағдайларын жақсартуға ықпал ететін әлеуметтік жобалар қарастырылады.
Гран-при - конкурстың жоғары наградасы жұмыста және корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарын іске асыруда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізген үміткерге беріледі.
Гран-при "Ірі кәсіпкерлік субъектісі" және "Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі" санаттарында беріледі.
Конкурс лауреаттары осы атақ берілгеннен кейін үш жыл бойы конкурс эмблемасын жарнамалық мақсаттарда пайдалану құқығын алады. Белгілі бір номинация бойынша конкурс лауреаты атағын алғаннан кейін екі жыл ішінде осы атақты алуға қайталап ұсынуға жол берілмейді.
Конкурсқа қатысуға:
1) қызметін кемінде үш жыл жүзеге асыратын;
2) таратылу сатысында тұрмаған, банкрот деп танылмаған;
3) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының жойылмаған бұзушылықтары, оның ішінде қызметкерлерге жалақы және басқа да төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ;
4) қызметкерлермен ұжымдық еңбек даулары жоқ;
5) Қазақстан Республикасының аумағында саяси, кәсіподақ және діни ұйымдарды қолдауға бағытталмаған әлеуметтік және қайырымдылық қызметті жүзеге асыратын;
6) конкурсқа қатысуға өтінімінде дәйекті мәліметтерді көрсеткен, сондай-ақ, құжаттарды толық көлемде ұсынған үміткерлер жіберіледі.
Конкурсты өткiзу мерзiмдерi:
Жыл сайын 1 шілдеге дейін – жергілікті атқарушы органдардың өтінімдерді қабылдауы;
2026 жылғы 25 тамызға дейін - жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялардың, республикалық маңызы бар қалалар және астана комиссияларының алдын ала жасаған қорытындыларын, конкурсқа қатысуға үміткерлердің құжаттарын бір данада Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жіберуі;
желтоқсан — қорытындылар шығару, жеңімпаздарды марапаттау.
Конкурсқа қатысу үшін үмiткерлер құжаттарын hr.enbek.kz сайты арқылы және қағаз түрінде 2 данада жергілікті атқарушы органға ұсынады, онда:
1) осы ережелерге қосымшаға сәйкес толтырылған өтiнiм;
2) үмiткердiң өз қызметiнiң деңгейiн өзiн-өзi бағалауын және корпоративтiк әлеуметтiк жауапкершiлiгi бойынша нақты нәтижелерiн бiлдiретiн есебi болады;
Үмiткердiң есебiнде:
- өзге де қосымша ақпарат;
3) есепке қосымша (ұжымдық шарттың көшiрмесi және өзге де құжаттар);
4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгi белгiлеген және оның интернет-ресурсында орналастырылған нысанда толтырылған сауалнама болуы тиiс.
Облыстың кәсіптік құрылымдарын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсына белсенді қатысуыңызды және өзінің әлеуметтік бағдарламаларын ұсынуды сұраймыз, сонымен қатар, қоғамның әл-ауқатын жақсарту мен жұмысшылардың әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғауға өз үлесіңізді қосасыз.
Толық мәлімет пен кеңес жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде, мекен-жайы: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, Болашақ көшесі №40 тел.: 8 (71233) 25129 хабарласып алуыңызға болады.