2026 жылы 28 қаңтар күні Ә.Сәрсенбаев орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылары үшін аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі М.Утеугалиев «Қонақ дәріс» өткізді.

2026 жылы 28 қаңтар күні Ә.Сәрсенбаев орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылары үшін аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі М.Утеугалиев «Қонақ дәріс»  өткізді.

Дүниежүзілік сайлау күнін мерекелеу аясында Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 28 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Дүниежүзілік сайлау күнін өткізу жоспарын жасады. Жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың 28 қаңтар күні Ә.Сәрсенбаев орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылары үшін аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі М.Утеугалиев «Қонақ дәріс»  өткізді.

Басты мақсат – жастар арасында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, демократиялық құндылықтарға құрметпен қарау, сайлаудың маңыздылығы мен олардың таңдауы үшін жауапкершілікті сезіну, сайлау процесіне белсенді қатысу дағдыларын қалыптастыру.

«Сайлау жүйесі» тақырыбында хабарлама жасалып, қатысушыларды сайлау ережелерімен таныстырды.Жас сайлаушылардың өздерінің конституциялық құқығын дұрыс пайдаланудың маңыздылығын айтты. Сайлауда әрбір 18 жасқа толған азаматтар дауыс беріп, өз таңдауларын жасап, мемлекетіміздің дамуына үлестерін қоса алатындығын жеткізді.
            Жүздесу соңында Мейрамбек Сәлімғалиұлы жастарға терең білім алып, ел игілігіне адал қызмет етулеріне тілектестігін білдірді. Ал, жастары 18-ге толғанда өздері тұрып жатқан ауылдардағы учаскелік сайлау комиссиясы арқылы сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасау керектігін ескертті.

 

Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы