ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМІНЕ КУӘЛІКТІ ТАБЫСТАДЫ.

ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМІНЕ КУӘЛІКТІ ТАБЫСТАДЫ.

2026 жылғы 28 қаңтарда Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы орналасқан ғимаратта Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Габдулов Бөкейхан ауылдық округінің әкімі болып сайланған Галиханов Амангелди Галихановичке әкімнің қызметтік куәлігін табыстады.

Тікелей сайлау нәтижесінде Бөкейхан ауылдық округінің әкім болып сайланған Галиханов Амангелди Галиханович 2026 жылдың 28 қаңтарынан бастап өз міндеттерін ресми түрде атқаруға кірісті.

Галиханов Амангелди Галиханович 1972 жылы 28 сәуірде Бөкейхан ауылында дүниеге келген. Жергілікті атқарушы органдардағы еңбек өтілі 21 жылдан астам.  Сайлауға дейін 2022 жылдан бастап «Бөкейхан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде бас маман қызметін атқарған.