ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДІҢ ӘКІМДЕРІНЕ КУӘЛІКТЕРДІ ТАБЫСТАДЫ.

ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДІҢ ӘКІМДЕРІНЕ КУӘЛІКТЕРДІ ТАБЫСТАДЫ.

2025 жылғы 5 қарашада Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы орналасқан ғимаратта Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Габдулов Азғыр ауылдық округінің әкімі болып сайланған Гумаров Арон Кисметовичке және Сүйіндік ауылдық округінің әкімі болып сайланған Меңдешов Думан Тұрарбекұлына әкімнің қызметтік куәліктерін табыстады.

Тікелей сайлау нәтижесінде Азғыр ауылдық округінің әкім болып сайланған Гумаров Арон Кисметович және Сүйіндік ауылдық округінің әкімі болып сайланған Меңдешов Думан Тұрарбекұлы 2025 жылдың                                 5 қарашасынан бастап өз міндеттерін ресми түрде атқаруға кірісті.

Гумаров Арон Кисметович 1986 жылы 1 сәуірде Балқұдық ауылында дүниеге келген. Жергілікті атқарушы органдардағы еңбек өтілі 13 жылдан астам.  Сайлауға дейін 2012 жылдан бастап «Азғыр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде бас маман қызметін атқарған.

Меңдешов Думан Тұрарбекұлы 1994 жылы 5 қыркүйекте Батырбек ауылында дүниеге келген. Жергілікті атқарушы органдардағы еңбек өтілі 3 жылдан астам.  Сайлауға дейін 2021 жылдан бастап «Батырбек ауылының бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде меңгеруші қызметін атқарған.