ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДІҢ ӘКІМДЕРІНЕ КУӘЛІКТЕРДІ ТАБЫСТАДЫ.

ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРДІҢ ӘКІМДЕРІНЕ КУӘЛІКТЕРДІ ТАБЫСТАДЫ.

 

2025 жылғы 15 және 16 шілдеде Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы орналасқан ғимаратта жиналыстар өтті. Кездесулер барысында Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Бралиев және төрағаның орынбасары Г.Рахметуллина Ақкөл ауылдық округінің әкімі болып сайланған Утешов Кадыржан Дюсенбаевичке, Асан ауылдық округінің әкімі болып сайланған Мурзагалиев Максат Саламатовичке, Орлы ауылдық округінің әкімі болып сайланған Бектемиров Жандос Мнафихұлына, Сафон ауылдық округінің әкімі болып сайланған Сатылганов  Есенбек  Исатаевичке және Теңіз ауылдық округінің әкімі болып сайланған Мұзафар Мұрадым Уәлитханұлына ресми әкім куәліктерін табыстады.

Тікелей сайлау нәтижесінде Ақкөл ауылдық округінің әкім болып сайланған Утешов Кадыржан Дюсенбаевич, Асан ауылдық округінің әкімі болып сайланған Мурзагалиев Максат Саламатович, Орлы ауылдық округінің әкімі болып сайланған Бектемиров Жандос Мнафихұлы, Сафон ауылдық округінің әкімі болып сайланған Сатылганов  Есенбек  Исатаевич   және Теңіз ауылдық округінің әкімі болып сайланған Мұзафар Мұрадым Уәлитханұлы өз қызметтеріне ресми түрде кірісті.

Кадыржан Утешов 1981 жылы 2 желтоқсанда Орлы ауылында дүниеге келген. Жергілікті атқарушы органдарда 16 жылдан астам еңбек өткен. Сайлауға дейін 2022 жылдан бастап «Құрманғазы ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау және ұйымдастыру бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

Максат Мурзагалиев 1989 жылы 18 маусымда Асан ауылында дүниеге келген.Жергілікті атқарушы органдарда 11 жылдан астам еңбек өтілі бар. Сайлауға дейін 2021 жылдан бастап Асан ауылдық округі әкімінің қызметін атқарған.

Жандос Бектемиров 1969 жылы 15 желтоқсанда Орлы ауылында дүниеге келген. Жергілікті атқарушы органдарда 21 жылдан астам еңбек өтілі бар. Сайлауға дейін 2021 жылдан бастап Орлы ауылдық округі әкімінің  қызметін атқарған. 

Есенбек  Сатылганов 1978  жылы 18 мамырда Сафон ауылында дүниеге келген. Жергілікті атқарушы органдарда 11 жылдан астам еңбек өтілі бар. Сайлауға дейін 2015 жылдан бастап «Сатылганов А» шаруа қожалығында атқарушы директоры болған.

Мұрадым Мұзафар 1998 жылы 28 қаңтарда Хиуаз ауылында дүниеге келген. Жергілікті атқарушы органдардағы еңбек өтілі 3 жылдан астам. Сайлауға дейін 2022 жылдан бастап «Жаңаталап ауылдық округ әкімінің аппаратты» мемлекеттік мекемесінде әкім кеңесшісі қызметін атқарған.