2024 жылғы 31 наурызда өткен Құрманғазы аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау
қорытындылары туралы хабарлама
2024 жылғы 31 наурызда №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Құрманғазы аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті.
№3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша:
Сайлаушылар тізіміне 2685 азамат енгізілді. Дауыс беруге -1404 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс - 37 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны - 3.
№3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Құрманғазы аудандық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Е. Аманжанұлы үшін сайлаушылардың 804 дауысы берілді;
Ж.А. Амирагалиев үшін сайлаушылардың 349дауысы берілді;
Н.Б. Бисенова үшін сайлаушылардың 221дауысы берілді;
«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны –19.
Сайлау қорытындысымен №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Құрманғазы аудандық мәслихаттың депутаты болып:
Ерлан Аманжанұлы, 1988 жылы туған, «Құрманғазы Су Арнасы» ЖШС-ның директоры, Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылының тұрғыны сайланды.
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы