Хабар

Хабар

         2021 жылғы 25 шілдеде Құрманғазы ауданының 6 сайлау округі бойынша округ әкімдерінің сайлауы өтті.

         Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 14 бабы 9 тармақшасы, 44 бабының 2 тармағы,        45 бабы, 113-10 баптарына сәйкес, Құрманғазы ауданы ауылдық округтер әкімдері сайлауының қорытындылары туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамаларының негізінде сайлау нәтижелерін белгіледі:

        

Ақкөл ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі

Ақкөл сайлау округі:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2948 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны 2134. Жарамсыз бюллетеньдер саны 20, «Бәріне қарсымын» белгісіне белгілгендерсаны -45 .

         Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Ә.Н.Әбдірахманға - 1968; Н.Н.Жамангаринға - 73; Ж.Ә.Хасановаға-28.

Ақкөлауылдық округінің әкімі болып Әбдірахман Әлімбай Насихатұлы , 1963 жылы туған, Нұржау ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, Құрманғазы ауданы, Ақкөл  ауылдық округінің  тұрғыны, ‘Nur Otan’ партиясымен ұсынған сайланды.

        

Асан ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі

Асан сайлау округі:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 773  азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны 653. Жарамсыз бюллетеньдер саны 13, «Бәріне қарсымын» белгісіне белгілгендер саны - 10.

         Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         М.С.Мурзагалиевқа - 595; А.Е.Мустафинаға - 3; Д.Ғ.Сабировқа-32.

Асан ауылдық округінің әкімі болып Мурзагалиев Максат Саламатович, 1989 жылы туған, Асан ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Құрманғазы ауданы, Асан ауылының тұрғыны,‘Nur Otan’ партиясымен ұсынған сайланды.

        

Кудряшов ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі

Кудряшов сайлау округі:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1485 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны 1168. Жарамсыз бюллетеньдер саны 45, «Бәріне қарсымын» белгісіне белгілгендер саны - 116.

         Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

К.С.Бисенгалиевқа -288; Г.Ж.Кенжегалиеваға -83 ; Ж.Ә.Сүндетовке-636.

Кудряшов ауылдық округінің әкімі болып Сундетов Жаслан Андиржанович 1984 жылы туған, Байда ауылдық округінің әкімі аппаратының  бас маманы, Құрманғазы ауданы, Жұмекен ауылының тұрғыны,өзін-өзі ұсыну тәртібімен  сайланды.

         Орлы ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі

Орлы сайлау округі:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1690 азамат еңгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны 1257. Жарамсыз бюллетеньдер саны 17 , «Бәріне қарсымын» белгісіне белгілгендер саны  жоқ.

         Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Ж.М.Бектемировке –1176; А.Ж.Қаржауоваға –32; Р.А.Хасантаевқа-32.

Орлы ауылдық округінің әкімі болып Бектемиров Жандос Мнафихович, 1969 жылы туған, Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылының тұрғыны, ‘Nur Otan’партиясымен ұсынған сайланды.

 

 

Сафон ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі

Сафон сайлау округі:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне  1106 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны 585 . Жарамсыз бюллетеньдер саны 36, «Бәріне қарсымын» белгісіне белгілгендер саны - 3.

         Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Р.Ш.Камзаеваға - 400 ; Е.И.Сатылғановқа - 146;

Сафон ауылдық округінің әкімі болып Камзаева Роза Шамаровна , 1963 жылы туған, Сафон ауылдық округінің әкімі, Құрманғазы ауданы, Сафон  ауылының  тұрғыны, ‘Nur Otan’партиясымен ұсынған сайланды.

 

 

Теңіз ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі

Теңізсайлау округі:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1143 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны 745. Жарамсыз бюллетеньдер саны 13, «Бәріне қарсымын» белгісіне белгілгендер саны -188 .

         Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         А.Г.Жахинаға - 19; Қ.Е.Махсутовқа -525.;

Теңіз ауылдық округінің әкімі болып Махсутов Кайсар Еркинович, 1992 жылы туған, Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және ұйымдастыру бөлімінің басшысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылының тұрғыны, ‘ADAL’ саяси партиясымен  ұсынған сайланды.

 

        

Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Хабар
Дата публикации
26 июля 2021