Сафон ауылдық округ әкімі аппаратына 2025 жылдың 01 тамызы мен 2026 жылдың 01 мамыр аралығындағы кезеңге сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері туралы анықтама жобасы
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Сафон ауылдық округ әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі Құрманғазы ауданы, Сафон ауылы, Азаттық көшесі, №35. Тел: 8(71233) 3-34-80, факс 3-34-21, эл.пошта: safon_akimat@mail.ru
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 3-тармағына сәйкес, 2026 жылдың 25 маусымдағы №82 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімі бекітілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2026 жылдың 26 маусым мен 10 шілде аралығында жүргізілді.
Талдау кезінде округ әкімі аппаратының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету, бақылау-қадағалау қызметтерін іске асыру және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары қамтылды.
Округ әкімі аппараты өз қызметін жүзеге асыру кезінде келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:
Сафон ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі баршаға көрнекі жерде ілінген.
Округ әкімі аппаратының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша мүдделер қақтығысы орын алмады. Округ әкімі аппаратының қызметкерлері тұрақты жұмыс істеуде, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйым салуларда бұзушылықтар анықталған жоқ.
Сафон ауылдық округ әкімінің аппаратында 2025 жылдың 1тамызы мен 2026 жылдың 01 мамыр аралығындағы кезеңінде кадрлардың ауысуына және штат саны мен бос лауазымдарға талдау жүргізілді. Талдау нәтижесі бойынша округ әкімі аппаратында 5 штат бар. Күні бүгін мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 5. Кадрлардың ауысуына, орналасуына талдау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижесінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.
Жыл сайынғы еңбек демалысына 5 мемлекеттік қызметші жіберіледі. Округ әкімінің өкіммен бекітілген мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары келісілген. Барлық мемлекеттік қызметшілер бекітілген біліктілік талаптарына сай.
Бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде округ әкімі аппаратының қызметкерлеріне қатысты заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерелейтін материалдар жарияланған жоқ.
Сафоні ауылдық округ әкімі аппаратында есепті мерзім бойынша округ әкімінен – 23 шешім және 107 – өкім қабылданды.
Аталған құқықтық актілерді талдау кезінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау немесе шешімдер қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижесінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.
III. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
Сафон ауылдық округ әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдап, тіркеп, есепке алып және қарау бойынша Заң талаптарының сақталуына тексеру жүргізіп, қадағалап отыру Сафон ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Б.Камзаеваға жүктелген. Зерттеу барысында сыбайлас жемқорлықты тудыратын фактілер анықталған жоқ.
Есепті кезең ішінде Сафон ауылдық округі әкімі аппаратына барлығы – 13 өтініш түсті. Оның ішінде: жеке тұлғалардан – 13, заңды тұлғалардан – 0. Оң шешілгендер – 13, түсінік берілгені – 0. Қайта қаралған өтініштер жоқ. Шағым түскен жоқ, қаралуда өтініш жоқ. Түскен өтініштерге заң талаптарына сәйкес мерзімінде жауабы берілді.
Округте азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік көрнекі орынға орналастырылған. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.
Есепті мерзімде бюджеттің кіріс бөлігінің нақтыланған жоспары –
01.08.2025-31.12.2025 - 1610000 теңге (бір миллион алты жүз он мың) теңге, оның ішінде есепті мерзімге орындалысы - 1669,92 теңге (бір миллион алты жүз он мың).
01.01.2026-01.05.2026 - 1160000 (бір миллион бір жүз алпыс мың ) теңгені құрайды, оның ішінде есепті мерзімге орындалысы – 2549000 (екі миллион бесжүз қырық тоғыз мың) теңге.
Барлық сатып алулар goszakup.gov.kz порталында жарияланған.
Конкурстық рәсімдер заңға сәйкес жүргізілген.
Тікелей шарт жасасу немесе артықшылық беру фактілері анықталмаған.
Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат әкімдік ғимаратының көрнекі жерінде және ресми интернен парақшасында орналасқан, сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы түсіндірме жұмыстары бұқаралық ақпарат құралдарына, округ әкімі аппаратының ресми әлеуметтік желісіне жарияланып ай сайын жарияланады.
Мекемеде мемлекеттік қызметтер бойынша тұрғындардың онлайн түрде қызмет алу үшін «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» орналастырылған.
Қызмет көрсету мерзімдері сақталған, мемлекеттік қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.
Қосымша құжаттар талап ету фактілері анықталған жоқ.
Қорытынды
Жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде Сафон ауылдық округі әкімі аппаратының қызметі заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылуда. Ішкі талдау барысында құқық бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Жұмыс тобының жетекшісі: Е.Сатылганов
Жұмыс тобының мүшелері:
Б.Камзаева
Г.Абенова
А.Салимова
С.Джумкашев