Хабарландыру
Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты
тасымалдау маршрутына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы
- «Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-сі 2024 жылы желтоқсан айының «2» сағат 11:00-де Атырау қаласы Атырау облысы әкімдігі Әйтеке би, 77, 5 қабаты, 504 бөлмесі мекен-жайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы хабарлайды.
- Конкурсқа мынадай маршруттың пакетi (маршрут)
шығарылады:
-№ 1 лот облысішілік «№96 Атырау-Құрманғазы-Атырау» маршруты
- Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында
немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысуға құқылы.
- Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер «Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-не конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтінімді Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі 77, 5 қабаты, 504 бөлмесі мекен-жайы бойынша немесе b.kumargali@atyraugov.kz және s.khalidollaeva@atyraugov.kz электрондық пошта бойынша ұсынылуы тиіс.
- Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және
Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2024 жылғы «18» қараша, сағат 18:30-ға дейін.
- 2024 жылғы 5 қарашасында сағат 11:00-де Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі 77, 5 қабаты, 504 мекен-жайы бойынша конкурстық комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.
- Анықтама алу үшiн телефондар:8 7122 30-02-60, 8778 4370780, 87017915598.