Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршрутына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы
Хабарландыру
- «Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-сі 2023 жылы cәуір айының «17» сағат 11:00-де Атырау қаласы Молдағалиев көшесі Атырау-Ақпарат ғимаратының 3 қабаты, 305 бөлмесі мекен-жайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы хабарлайды.
- Конкурсқа мынадай маршруттың пакетi (маршрут)
шығарылады:
- № 1 лот «Атырау-Миялы-Атырау»
- № 2 лот «Атырау – Бейбарыс -Атырау»
- Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында
немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысуға құқылы.
- Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер «Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-не конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтінімді Атырау қаласы, Молдағалиев көшесі Атырау-Ақпарат ғимаратының 3 қабаты, 305 бөлме мекен-жайы бойынша немесе 091ееа@mail.ru электрондық пошта бойынша ұсынуы тиіс.
- Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және
Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2023 жылғы «31» наурыз сағат 18:30-ға дейін.
- 2023 жылғы 20 наурыз сағат 11:00-де Атырау қаласы Молдағалиев көшесі Атырау-Ақпарат ғимаратының 3 қабаты, 305 бөлмесі мекен-жайы бойынша конкурстық комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi.
- Анықтама алу үшiн телефондар: 8 7132 45-83-25, 8775 679 68