Солтүстік айналма жол мен «Атырау–Индер» тасжолы

Солтүстік айналма жол мен «Атырау–Индер» тасжолы
Атырауда Солтүстік айналма жол мен «Атырау–Индер» тасжолының қиылысуына қатысты жобалық шешімдер қабылданды
Атырау қаласының Солтүстік айналма автомобиль жолы жобасының «Атырау–Индер» автомобиль жолымен қиылысуына байланысты арнайы жиын өтті. Кездесуге «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы облыстық филиалының өкілдері, Атырау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, сондай-ақ мердігер мекемелер қатысты.
Жиын барысында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көлік ағынын тиімді ұйымдастыру және құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізу мәселелері талқыланып, тиісті жобалық шешімдер қабылданды.
Мамандардың айтуынша, аталған инфрақұрылымдық жобаларды сапалы әрі белгіленген мерзімде іске асыру басқарманың тұрақты бақылауында болады. Сонымен қатар, құрылыс барысында туындайтын мәселелерге байланысты алдағы уақытта да тиімді инженерлік және жобалық шешімдер қабылданбақ.