Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстау бағытында бірқатар жұмыс атқарылуда
Құрманғазы ауданында «7 разъезд - Асан - Азғыр - Балқұдық - Сүйіндік» автомобиль жолын тегістеу және профильдеу жұмыстарын Ганюшкин-Құрылыс ЖШС атқаруда.
Сонымен қатар Атырау-Индер автомобиль жолы бойында шұңқырларды бітеу және жол жабындысындағы жарықшақтарға битум құю жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстарды мердігер мекеме “AG Disinfection Services” жүзеге асыруда.
Бұдан бөлек «Құрманғазы - Приморье - Утеры - Котяевка» автомобиль жолында тазалық жұмыстары жүргізіліп, жол таңбаларын сызу, жасанды жол кедергілері мен жол белгілерін қалпына келтіру жұмыстары қолға алынған