Осы жылдың бірінші жартыжылдығында Сағыз, Мақат, Доссор, Аққыстау, Исатай және Ақкөл вокзалдарындағы қайта жаңғырту жұмыстары аяқталады деп жоспарлануда.
Жыл соңына дейін Атырау, Мұқыр және Жамансор вокзалдарындағы қайта жаңғырту жұмыстары аяқталады.
Құрылыс нысандарын Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев сала басшыларымен бірге аралап, жұмыстардың сапалы атқарылуын тапсырды.
Жобалар EPS контракт негізінде жүзеге асырылуда. Құрылыс және жөндеу барысында заманауи талаптар мен стандарттар толық ескерілген. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді орта қалыптастыруға ерекше назар аударылған.
Атырау облысының аумағында жалпы саны 16 теміржол вокзалы бар. Олардың барлығы Қазақстан Темір Жолы акционерлік қоғамының теңгерімінде.
2025 жылдың қыркүйек айынан бастап Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Қазақстан Темір Жолы» АҚ мен Атырау облысы әкімдігі бірлесіп 9 вокзалда жөндеу және жаңғырту жұмыстарын қолға алды.