Махамбет ауданында жалпы ұзындығы 78,8 шақырымды құрайтын жол құрылысы жүргізілуде

Махамбет ауданында жалпы ұзындығы 78,8 шақырымды құрайтын жол құрылысы жүргізілуде

Талдыкөл ауылына кірме автомобиль жолының 6,3 км күрделі жөндеуі, Сарайшық ауылының 13,7 км ауылішілік жолдары, Жалғансай ауылындағы 9,6 км жол және Тандай ауылындағы 6,1 км ауылішілік автомобиль жолдары (жаяу жүргіншілер жолдарымен бірге) қамтылып отыр.

Сонымен қатар, Махамбет ауылындағы 1-кезең (11,3 км) және 3-кезең (18,3 км) жол құрылысы, Ақтоғай ауылына кірме 2,2 км жол, Есбол ауылындағы 2 км, Еңбекшіл ауылындағы 1 км, Ортақшыл ауылындағы 3,2 км және Алға ауылындағы 5,1 км жолдарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бұл нысандарға Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев сала басшыларымен бірге Махамбет ауданына жұмыс сапары барысында барып, бірқатар инфрақұрылымдық нысанды аралады.

Жүргізіліп жатқан барлық жол құрылысы жұмыстары облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың тұрақты бақылауында. Нысандардың сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуы сала мамандары тарапынан қадағаланып отыр.