
Облыстық маңызы бар «Атырау — Индер» автомобиль жолын күтіп ұстау бағдарламасы аясында жоспарлы жұмыстар басталды. Бүгінде жол бойында санитарлық жағдайды жақсарту мақсатында жаңа қоқыс жәшіктері орнатылып, асфальт бетіндегі жарықтарды жабу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, келесі аптадан бастап жолдың зақымдалған бөліктерінде шұңқырларды жөндеу (ямочный ремонт) жұмыстары басталады деп жоспарлануда.
Аталған шаралар жол жабынының сапасын сақтау, көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.