Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурсты ұйымдастырушы: Кәсіпкерлік және туризм басқармасы

электрондық пошта мекенжайы: u.upiir@atyrau.gov.kz;

байланыс телефоны 8(7122)35-43-44

Конкурстың нысанасы: 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру.

Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беру орны: субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы (qoldau.kz).

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінім мен конкурстық құжаттаманың толық топтамасын ұсынады.

Өтінімдерді ұсыну мерзімдері: 2022 жылғы «13» маусымнан бастап 2022 жылғы «17» маусым аралығында.

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылдануға жатпайды.

Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен өңірлік үйлестірушінің ресми сайтында танысуға болады: gov.kz.