
2026 жылдың 29 мамырында Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының ұйымдастыруымен Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының қатысуымен Атырау облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында бұзушылықтардың алдын алу және оларды болдырмау мақсатында дөңгелек үстел өтті. Таспырыс берушілер тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу кезінде жиі жіберетін бұзушылықтар талқыланды. Сондай ақ, Қазақстан Республикасы Білім министрінің 2025 жылғы 15 мамырдағы №112 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарында күзет қызметтерін мемлекеттік сатып алуды өткізу мәселелері айтылып өтті.