Дәрігерлік амбулаториялар пайдалануға берілді

Дәрігерлік амбулаториялар пайдалануға берілді

Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының 2025–2026 жылдарға арналған тиісті бұйрықтарына сәйкес Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы теңгеріміндегі Сүйіндік, Балқұдық және Кудряшев ауылдарында орналасқан дәрігерлік амбулаториялар Құрманғазы аудандық ауруханасы ШЖҚ КМК теңгеріміне ресми түрде беріліп, пайдалануға енгізілді.      Бұл шешімдер қолданыстағы заңнама талаптарына толық сай қабылданып, ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға және алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін кеңейтуге бағытталды.