"5 қазан - Ұзтаздар күні "

"5 қазан - Ұзтаздар күні "

     Құрметті ұстаздар!

    Қадірменді білім саласының қызметкерлері!

    Баршаңызды төл мерекелеріңіз - Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

    Бұл мереке жыл сайын қазан айының алғашқы жексенбісі мұғалімдер күні ретінде ерекше ықыласпен аталып өтілуде.

    Бүгінде, мұғалім болу-мамандық болса, ұстаздық ету -қасиетке айналып отыр. Яғни, ұстаз болу - адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі.Ендеше, осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұстаздарға қандай мақтау, мадақ айтсақ та артықтық етпейді.

    Оларға білім нәрін сіңіріп, кеудеге рухани нұр құятын, құрметті ұстаздар – Сіздер!

    Өскелең ұрпақты оқытуда және тәрбиелеуде Сіздерге мықты денсаулық, құт-береке, бақыт және еңбекте шығармашылық жетістіктер тілеймін!

Дана халқымыз «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дейді.

Ендеше балаларды оқытуға, кәсіби шеберліктеріңізді шыңдауға ұмтылыстарыңыз ешқашан сарқылмасын!

    Мерекелеріңіз құтты болсын!

    

    Құрметпен  С.Демегенов.

    Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының басшысы