Исатай ауданында ағаш отырғызу акциясы өтті.

Исатай ауданында ағаш отырғызу акциясы өтті.

Исатай ауданында ағаш отырғызу акциясы өтті.

 

Бүгін ауданда бүкіл қазақстандық ағаш отырғызу акциясы өткізілді.

Игі шараның мақсаты — ауылды көркейту, көгалдандыру жұмыстарын жандандыру арқылы табиғатты сақтау.

Аталмыш ағаш отырғызу акциясына мемлекеттік қызметкерлерден бастап білім беру ұйымдарының қызметкерлері, денсаулық  сақтау саласының қызметкерлері, кәсіпкерлер мен үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, ауданның жастары мен ауыл тұрғындары белсене қатысып, әр ауылдық округтерде көшеттер отырғызды.

 

Жалпы аудан бойынша 1440 тал егіліп, 700-ге жуық адам қатысты.

 

Халықтың денсаулығы мен ұрпақ болашағына оң әсерін тигізіп, туған ауылының көркеюіне үлес қосып, қалыс қалмау - әрбір азаматтың борышы.

#ТазаҚазақстан #ағашотырғызу #Исатай