Қызметтік үйлерінің кілттерін табыстап, жұмыстарына сәттілік тіледі

Қызметтік үйлерінің кілттерін табыстап, жұмыстарына сәттілік тіледі

Исатай ауданында 23 маусым – Қазақстан Полициясы күні мерекесі қарсаңында Х.Ерғалиев және Тұщықұдық ауылдарында учаскелік полиция пункттері ашылды. Учаскелік полиция пункті инспектордың жұмыс орнымен қатар, оның отбасымен бірге тұруға тұрғын-үйімен қамтамасыз етілген. Осындай ғимараттың учаскелік полицейлерге пайдалануға берілуі Атырау облысы аудандарының арасында алғаш рет жүзеге асып отыр. Аталған шараға Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев пен Исатай ауданының әкімі Полымбет Хасанов, полиция қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен ардагерлер қатысты. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев өз Жолдауында Ішкі істер органдары жүйесін реформалауда басты рөл учаскелік полицейлерге жүктеліп, олардың қызметіне ерекше көңіл бөлінетіні айтылды. Атырау облысы полиция департаментінің бастығы және аудан әкімі учаскелік полицейлерге қызметтік орындары мен қызметтік үйлерінің кілттерін табыстап, жұмыстарына сәттілік тіледі.