БӨЛІМДЕ ЖАҢА БАСШЫ

БӨЛІМДЕ ЖАҢА БАСШЫ

Аудан әкімі П.Хасановтың өкімімен

Исатай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне Мұратов Аслан Мұратұлы тағайындалды.

А.Мұратов 1984 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін "саясаттану" мамандығы бойынша бітірген.

2008-2009 жылдары Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық ішкі саясат бөлімінде бас маман, 2009-2010 жылдары Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары, 2010-2012 жылдары «Теректі жаңалығы – Теректинская новь» газетінің бас редакторы, 2012-2015 жылдары денсаулық сақтау саласында, 2015-2016 жылдары Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы әкімі аппаратының бас маманы, аудан әкімінің көмекшісі лауазымдарын атқарған.

2018 жылдың ақпан айынан бастап осы уақытқа дейін Исатай аудандық «Нарын таңы» газетінің бас редакторы болып қызмет атқарып келді.

А.Мұратовты ұжымға таныстырған аудан әкімі, жаңа басшының қызметіне сәттілік тіледі. Бөлімге қатысты жұмыстарды сапалы орындап, тұрғындарға өз құзыреті аясында тиісті қызмет етуді тапсырды.